Көшеде қайыр сұрап жүрген азаматшалар полицияға жеткізілді
Шымкент көшелерінің бірінде қайыр сұрап жүрген әйелдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетовтың бастамасымен белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды мониторингтеу және әлеуметтендіру жөнінде құрылған бастамашыл топтың мүшелері 2020 жылы 13 қараша күні сағат 15:48-де Шымкент қаласы Полиция департаментінің «Жедел әрекет ету» чатына Қалдаяқов көшесінің бойындағы «Мурат Фарм» дәріхананың маңында екі азаматша қайыршылық жасап жатқаны бойынша ақпарат келіп түсті.
Өз кезегінде Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ #19 УПП-нің учаскелік полиция инспекторлары және Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жедел әрекет жасап, аталған азаматшаларды полицияға жеткізді.
Аталған азаматшаларға қоғамдық орында қайыршылықпен айналысып жүргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылды.