Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көшедегі жанжал үйге дейін келіп, қорқытуға жалғасты

Қарағанды облысы Теміртау қаласының полицейлері өміріне қауіп төндірген азаматтан атыс қаруын тәркілеген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қыркүйекте Темиртау қаласының Шығыс ПБ 44 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен. Айтуынша, оның үйінің ауласына кіріп біреулер сазайын тарттырамын деп қорытқан. Ауызша қаһарлы қорқытулардан кейін жәбірленуші полиция қызметкерлерін шақырған.

Анықталғандай, жәбірленуші көшеде екі азаматпен қақтығысып, олар болмашы себептермен талаптар қоя бастаған. Аяғында, бұзақылар жәбірленушінің жеке үйінің ауласына кіріп, есеп айырысуды көздеген.

Полицейлер 51 және 38 жастағы екі ер азаматты анықтап, ұстаған. Біреуінің үйін тексеру кезінде полицейлер атыс қаруын анықтап, тәркілеген.
Қазақстан Республикасының ҚК 115-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру