Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көші-қон қызметі комитетінің пилоттық жобасы еліміздегі 100 ХҚКО-да табысты жүзеге асуда

Көші-қон қызметі комитетінің пилоттық жобасы еліміздегі 100 ХҚКО-да табысты жүзеге асуда. Бұл туралы комитет төрағасы Мұрат Қабденов мәлімдеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ цифрландыру бағытындағы жұмыстарды жүргізіп, сәйкесінше мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіруде. Ішкі істер органдарының мамандары қызмет көрсету мерзімін қысқарту бағытында бірқатар нақты жұмыстар атқарды, сондай-ақ азаматтар үшін қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету және өтініш беру тәсілдерін жеңілдетуге күш салып келеді.

ҚР ІІМ Көші-қон қызметі комитеті “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы мен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп пилоттық жобаға бастама жасады.

Осы жылдың маусым айынан бастап еңбек мигранттары ХҚКО-да өтініш беріп, жұмыс істеуге рұқсат ала алады. Әрбір облыста ХҚКО операторлары пилоттық режимде еңбек мигранттарынан өтініштерді қабылдауды және нәтижелерді беруді орындайтын аудан белгіленген. Деректерді өңдеуді және тексеруді әлі де құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүзеге асырады.

Жалпы алғанда пилоттық жобаға барлығы 100 Халыққа қызмет көрсету орталығы тартылған. Осындай орталықтарда еңбек патенттерін 6000 мигрант рәсімдеді.

Бұл ретте Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сондай-ақ Қостанай, Ақмола және Қарағанды облыстарында еңбек мигранттары кез келген жақын жердегі ХҚКО-ға жүгіне алады. Қалған өңірлерде де жобаның қамитын аумағы кеңейтіле түседі және мемлекеттік қызмет көрсетудің мұндай әдісі республиканың барлық аумағында енгізілетін болады.

Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов аталған қызмет түрінің механизмі туралы айтып берді: – ХҚКО ақпараттық жүйелері ҚР ІІМ Көші-қон қызметінің жүйелерімен біріктірілген, осылайша “бір терезе” аясында бастапқы және дайын құжаттарды беру тәртібі жеңілдетілді. ХҚО-ға өтінім қабылданғаннан кейін мәліметтер көші-қон полициясының базасына келіп түседі, онда ішкі істер органдарының қызметкерлері мигранттарды шекараны кесіп өту мәніне арнайы есептер бойынша тексереді, содан кейін Қазақстан Республикасында жұмыс істеуге рұқсат ресімделеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру