Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Күйеуінен қысым көрген қызылордалық әйелге шымкенттік полицейлер көмек көрсетті

Тұрмыстық зорлық көрген қызылордалық әйелге шымкенттік полицейлер көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының полицейлері отбасылық зорлық-зомбылық көрген үш баланың анасына көмек көрсетті.

Полицейлерге Шымкент темір жол вокзалының ана мен бала бөлмесінде жас ананың отырғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Мән-жайды анықтау үшін Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Айгүл Калиева және №30 учаскелік полиция пунктінің инспекторы Бекжан Мырзан шақырту болған жерге барып, онда үш баласымен отырған келіншектің жағдайымен танысты.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері 1990 жылы туған келіншек бүгін Қызылорда қаласынан Шымкент қаласына келгенін анықтады. Келіншектің айтуынша, ол үш баласымен спирттік ішімдікке салынып, күш қолданатын күйеуінен қашып келген.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан шаршадым деген ана отбасындағы кейкілжің балаларға кері әсерін тигізуде дейді. Ата-анасы қайтыс болған азаматша бауырларына салмақ салғысы келмейтінін айтады. Көмекке мұқтаж азаматша мен балалар қажетті медициналық сараптамалардан өтіп, «Көмек» оңалту орталығына орналасты. Аталған азаматша мен үш балаға мекеме психологтарының көмегі көрсетілді.

Қазіргі таңда аталған әлеуметтік көмек көрсету мекемесінің заңгерлері тұрмыстық зорлық-зомбылық көрдім деген келіншектен түсініктеме алып, күш қолданған жолдасына қатысты заңды шара көру мақсатында іс-құжаттарды жинамақ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру