Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Мал ұрлаушы” ЖПІШ: СҚО полицейлері бірнеше қылмыстың бетін ашты

СҚО полицейлері “Мал ұрлаушы” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында бес қылмыстың бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15-18 мамыр аралығында солтүстікқазақстандық полицейлер “Мал ұрлаушы” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы режимінде жұмыс істеді. Мобильдік топтар құрылды, олардың құрамына криминалдық және әкімшілік полиция қызметкерлері, ветеринария басқармасының қызметкерлері кірді. 4 күн ішінде олар мал мен ет өнімдерін тасымалдайтын 411 автокөлікті тексерді. Ветеринария саласындағы 28 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ мал мен ет өнімдерін сату орындары, шаруа қожалықтары, елді мекендерден алыс орналасқан мал қамайтын орындар мен фермалар тексерілді.

– Бұдан бөлек іс-шара аясында бұрын жасалған 5 мал ұрлығы анықталды, оның төртеуі өткен жылдар санатында. Сонымен қатар 141 солтүстікқазақстандық еркін жайылым үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қаңғыбас мал – мал ұрлаушылардың олжасына айналады, елді мекендердің сыртындағы жолдарда жануарлардың кенеттен пайда болуы жол апатына алып келуі мүмкін. Бұнымен күрес – полиция жұмысының тұрақты бағыттарының бірі, – деп деді СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Сонымен қатар іс-шара шеңберінде Аққайың ауданында 46 жастағы ауыл тұрғынының үйіне жапсарлас салынған қора-қопсыдан полицейлер 16 калибрлі ИЖ-58 тіркелмеген мылтық тәркіледі. Сараптама тағайындалды. ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабына сәйкес ер адам 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру