Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде кезекті “Ашық есік” күні өтті

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Тараз қаласы №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өрт сөндірушілердің жұмысымен танысуға арналған “Ашық есік” күнін өткізді, – деп хабарлайды Poilsia.kz.

 №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне Тараз қаласы колледждерінің студенттері мен оқушылары қонаққа келді. Өрт сөндірушілер балалар үшін әңгімелер, экскурсиялар, өрт сөндіру техникасын, өрт-техникалық және авариялық-құтқару жабдықтарын көрсетуді ұйымдастырады.

Кездесу барысында балалар өрт сөндірушілердің төтенше жағдай орын ала қалған жағдайда қандай әрекеттер атқаратындығына, жауынгерлік киімді қалайша жедел киюге болатындығы жөнінде және оқиға орнына шұғыл аттану жағдайлары қалай іске асырылатындығына, азаматтарға көмек қолын созу барысында қандай тәсілдер қолданатындығы жөнінде мол мағлұмат алды.  №1 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы Базарбаев Асқар Куанышбекович, өрт сөндірушілердің қиын да қауіпті болып табылатын қызметтерін жан-жақты түсіндіріп, балалардың назарына қарапайым өрт қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы туралы  жеткізіп, төтенше жағдайларда өздерін қалай ұстау қажеттігін тілге тие кетті.  Сонымен қатар, жастар Көкшетау техникалық иституты жайлы айтылған ақпараттармен танысып,  аталған оқу ордасында бар болып табылатын мамандықтар мен оқуға түсу тәртібі  туралы және оның шарттарымен тереңірек танысты.

Экскурсия соңында оқушыларға өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері туралы жаднамалар ұсынылып, Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу бойынша парақшалар да таратылды.

Айта кеткен жөн, қазіргі танда «Ашық есік» күндері тек қалалық өрт сөндіру бөлімдерінде ғана емес, сонымен қатар облыстық өрт сөндіру бөлімшелерінде де тиісінше өткізілуде.

 

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру