Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есепте тұрған істі болған азаматша өз кәсібін ашты

Шығыс Қазақстан облысында есепте тұрған сотталған өз кәсібін ашты,-деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО бойынша ҚАЖ Департаментінің Катон – Қарағай аудандық пробация қызметі бүгінгі күні жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Бастау-Бизнес» жобасы негізінде белсенді жұмыс атқаруда.Осы бағдарлама негізінде пробация қызметкерлері есепте тұрған сотталғандарды қысқа мерзімді оқу курстарына жолдап, арнайы сертификат алуға көмек көрсетуде.

Атап айтқанда, жазасын өтеп жатқан азаматша Жаңыл (аты өзгертілген) «Бизнес – Бастау» бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді оқу курсын тәмамдап, өз бизнесін жүзеге асыру мақсатында бизнес жоспарын құрып, қорғаған болатын. Нәтижесінде, бүгінгі күні қомақты ақшалай қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, өз кәсібін ашқан.

Жаңыл (кәсіпкер) : Грант ұтып алған соң,өзімнің жеке кәсібімді бастадым. Қазіргі уақытта мал өсірумен айналысамын. Бұл кәсіптен жақсы табыс табуға болады. Мен шалыс басып, 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасына сотталып, пробация есебіне есепке алындым. Осы кезде, жұмыссыз едім, алайда пробация қызметкерлері маған «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді оқу курсын оқытуға кеңес берді. Мен, бос жүргендіктен келістім. Қазір өте қуаныштымын, осы пробация қызметкерлерінің арқасында жаңа өмірге аяқ бастым. Алғысым шексіз,-деп мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру