Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мамлют ауданында полиция инспекторы үшін қызметтік үй салынады

СҚО Мамлют ауданында ауылдық учаскелік полиция инспекторы үшін жұмыс кеңсесі бар қызметтік үй салынады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев Мамлют ауданындағы екі ауылдық округте болды. Облыстық полиция басшысы Новомихайловка ауылындағы учаскелік полиция пунктінің және қызметтік үйдің құрылыс жобасымен танысты, сонымен қатар Қызыләскер ауылының тұрғындарымен кездесті. Учаскелік полиция инспекторы Олжас Шаяхметов екі мыңнан астам халқы бар алты елді мекенге қызмет көрсетеді. 10 әкімшілік учаскеде өткен жылдың соңынан бастап жұмыс істейді. Аудандық полиция басшысы және ауылдықтардың бастамасымен учаскелік полиция инспекторы үшін полиция пунктімен біріктірілген қызметтік үй тұрғызу ұсынылды. Жергілікті ауылшаруашылық тауар өндірушілер бұл идеяны қолдады. Новомихайловка орталығынан учаске таңдалып, үйдің жоспары әзірленді. Жалпы аумағы 100 шаршы метр болатын қызметтік кеңсесі бар заманауи үйді салу және пайдалануға тапсыру маусым айына жоспарланған. Мамлют ауданының әкімі Владислав Лукин, СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев және ауылшаруашылық тауар өндірушілер алдағы перспективалармен танысып, ұйымдастырушылық мәселелерді талқылады.

Дәл сол күні Марат Төлебаев және Владислав Лукин барлық санитарлық нормаларды сақтай отыра, Мамлют ауданы белсенділерімен және тұрғындарымен Қызыләскер ауылында кездесті. Бірер күн бұрын №11 учаскелік полиция пунктінің жаңа үй-жайы жөнделіп, пайдалануға берілді.

Қызыләскерлік учаскелік полиция инспекторы Бахтияр Бексұлтанов жұмыс істейтін учаскелік пункті жаңа жиһаз бен ұйымдастырушылық техникамен жабдықталды, 20 бейне бақылау камерасы қосылды. Ауыл тұрғындарына егжей-тегжейлі есеп берген Мамлют ауданы полиция бөлімінің бастығы Серік Әлжановтың айтуынша, қазіргі уақытта ауданда 70-тен астам камера жұмыс істейді.

СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың профилактикасын күшейтуге, сондай-ақ соңғы жылдары құқықтық тәртіпті нығайту ісінде мамлюттік тәртіп сақшыларына тиімді көмегін тигізген қоғамдық кеңестің әлеуетін пайдалануды жалғастыруға нұсқау берді.

Марат Сағынтайұлы облыстық полиция ведомоствосы қызметінің негізгі бағыттарына толық тоқтала кетті. Қазіргі заманғы полицей үшін басымдылық жұмыстағы ашықтық, айқындылық, сондай-ақ жұмыстың сервистік моделіне көшу болып табылатындығын атап өтті.

– Сонымен қатар, соңғы кездері қылмыстың дені жаппай инетернетке көшкеніне тоқталды. Соның салдарынан интернет алаяқтықтың саны артуда. Өзіміз алаяқтар жайлы мәліметтермен танысып, өзгелерге желідегі алаяқтардың әккі әрекеттері жайлы айтуымыз керек, – деп атап өтті ведомство басшысы.

Кездесу соңында Марат Төлебаев ауданның қоғамдық кеңесінің тоғыз өкілін алғыс хатпен марапаттады, сондай-ақ учаскелік полиция пунктінің үй-жайында азаматтарды жеке қабылдау өткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру