Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері 25 жастағы күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері 25 жастағы күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып келеді. Оның айтуынша, белгісіз біреулер түнгі уақытта үйінің ауласына кірген. Содан керекті құрал-жабдықтар сақтайтын қоймасының терезесін сындырып, ішінде тұрған әр данасы 18 мың теңге тұратын 10 дана орам кленкасын ұрлап ізін суытқан.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) тіркеп, шұғыл іздестіру жұмыстарын бастап кетті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен осы ауылдың жергілікті учаскелік инпекторлары жетеді. Сондай-ақ жетісайлық полицейлер орын алған қылмысты ашу үшін барлық қажетті шараны іске асырады. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті ретінде 25 жастағы азаматты ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізеді.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті бұрын сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты. Ұрланған заттар күдіктінің ауласынан, яғни жасырған жерінен тәркіленіп алынды. Заңды иесіне қайтарылды. Бүгінгі таңда күдікті азамат қамауда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және мүлкін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Үйіңізге немесе сарай, қойма орындарында бейнебақылау камералары мен күзет дабылы орнатылуы қажеттігін естен шығармаңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру