Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысы ПД жедел-қызметтің бес айдағы қорытындысын шығарды

Маңғыстау облысының полиция департаментінде департамент бастығының төрағалығымен осы жылдың бес айындағы жедел-қызметтік қызметтің қорытындысы шығарылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеңес барысында “Заң және тәртіп” қағидатын іске асыру аясында қабылданып жатқан шаралар қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және полиция жұмысының тиімділігін арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.

Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша өңірде қылмыстың жалпы деңгейі төмендегені тіркелді. Онша ауыр емес қылмыстардың саны 10%-ға, алаяқтық фактілері 22,7%-ға, тонау 28,6%-ға, сондай-ақ ұрлық 20,2%-ға азайды.

Кеңес барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ халықпен өзара іс-қимыл сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Нәтижелерді қарау қорытындысы бойынша департамент бастығы жеке құрамның алдына бірқатар нақты міндеттер қойды. Жазғы маусым қарсаңында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейту, кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналары арасында профилактикалық жұмысты жандандыру, сондай-ақ жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша қосымша шаралар қабылдау тапсырылды.

Сонымен қатар шомылу маусымының басталуына байланысты департамент басшылығы Каспий теңізінің жағалауында және азаматтардың жаппай демалатын орындарында қауіпсіздік шараларын күшейтуді, халықпен профилактикалық жұмысты жандандыруды және ықтимал оқиғаларға уақтылы ден қоюды қамтамасыз етуді тапсырды.

Өңірдің ішкі істер органдарының жұмысы алдағы уақытта да қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, “Заң және тәртіп” қағидатын нығайтуға, азаматтардың құқықтарын қорғауға және облыстағы тұрақты криминогендік жағдайды сақтауға бағытталатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру