Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Жаңа жыл қарсаңындағы қайырылымдығы
Маңғыстау облысы Полиция департаменті Жаңа жыл мерекесі қарсаңында кезекті қайырымдылық акциясын ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл кезекте тәртіп сақшылары Аяз Ата мен Ақшақармен бірге науқас балалардың үйіне барып, мерекемен құттықтады. Балаларға базарлық ретінде тәттілерден, жемістерден тұратын сыйлықтар табыстады.
Полицейлер өскелең ұрпаққа әр уақытта қолдау көрсетіп келеді, сондай-ақ, игі шараны үнемі жалғастыра береді.
Сонымен қатар, Департаменттің Көші-қон қызметі басқармасы облыстық балалар ауылына барып, сондағы тәрбиеленіп жатқан балаларды Жаңа жылмен құттықтап, сый-сияпат жасады. Әр отбасыда төрден әдемі көз қызығарлық жайнап тұрған шыршаны байқадық. Кішкентай бүлдіршіндердің бақытты жүздерін көруге болады.
Жаңа жыл — армандардың, тілектердің орындалу мезгілі. Балалар бұл күнді асыға күтетінін өзіміз де бала күннен білеміз. Балалар үшін ең керегі — аз ғана болса да көңіл бөліп, қолдан келгенше қуаныш сыйлау.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті барлық балаларды Жаңа 2020 жылмен құттықтайды. Аппақ қардай көңілі пәк балапандарымызға келер жыл тек жақсылықтарын сыйласын, жарқын күлкісінен айырмасын, дендері сау болып, бал дәурен балалықтың бақытына тоймай жүре беруіне тілегін білдіреді.