Маңғыстау облысы Полиция департаментінде дөңгелек үстел өтті
Маңғыстау облысы Полиция департаментінде ведомство басшысы Жанарбек Бақтыбаевтың төрағалығымен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өтетін негізгі іс-шаралардың бірі – Х Азаматтық форум. Азаматтық форум – бұл азаматтық қоғамның, билік пен бизнестің мүдделерін халықаралық үкіметтік емес сектормен байланыстыратын негізгі, ең ірі диалог алаңы.
Бұл шараға «Мейірім» қоғам бірлестігінің өкілі Александр Муха, «Қолжетімді құқық» ЖШС-нің директоры, қоғамдық кеңес мүшесі Римма Өтесбаева, «Ұлағат жолы» қоғамдық қорының директоры Еркеш Нәрембаева, «Шуағыңды шаш» қоғамдық бірлестігінің өкілі Арайлым Шамшадинова, «Жастар жетістіктері» қоғамдық қорының өкілі Айгул Абылдаева, «Салауатты ел» қоғамдық қорының өкілі Кенжегүл Тайғара, Ақтау қалалық қоғамдық даму орталығының бастығы Дәулет Сағынтаев, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің құқықтану кафедрасының меңгерушісі Бағдат Ауешова, «Yessenov University колледжі» ЖШС директоры Айнагүл Жұмағали, Маңғыстау облысы ПД Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Мұхтар Қоңырбаев қатысты.
Дөңгелек үстелдің қатысушыларының назарына «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы ішкі істер органдарының жетістіктері таныстырылды. Сонымен қатар, тәуелсіздік жылдарындағы полиция қызметіндегі елеулі өзгерістер туралы бейнеслайдтар көрсетіліп, алдағы уақытта үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бірлесе қызмет атқару бағытында өз ұсыныстарын жеткізді.