Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалықтың үйінен 4 келі есірткі табылды

Қызылордалықтың үйінен 4 келі есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс көлемінде өтіп жатқан “Рефлекс” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен облыс орталығының тұрғынының үйінен, үй ауласынан және сарайынан жасыл түсті ерекше иісі бар ұнтақталған шөптер табылып, тәркіленді.

Сараптама қортындысына сәйкес, алынған шөп жалпы салмағы 4 келіден астам “кептірілген марихуана” екені белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру