Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жол апатынан мотоцикл жүргізушісі көз жұмды

Ақтөбе облысында жол апатынан мотоцикл жүргізушісі көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 15 қарашасында сағат 18:00 шамасында Байғанин ауданының 49 жастағы тұрғыны мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз “Урал” маркалы мотоциклімен Оймауыт ауылы жағына қарай келе жатып,  рульді басқара алмай, көлік құралының қозғалысы барысында оң жаққа аударылып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоцикл жүргізушісі Оймауыт ауылының медициналық амбулаториясына жеткізілген, кейін сол ауруханада  көз жұмды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілерінен ҚР Жол қозғалысы ережелерін сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру