Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Hi-tech”: Ақтөбе облысында 29 қылмыс ашылды

Ақтөбе облысында “Hi-tech” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы 8-14 қараша аралығында Ақтөбе облысының аумағында ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ еркін айналымда тыйым салынған өнімді заңсыз дайындайтын, көбейтетін және тарататын адамдарды анықтауға бағытталған “Hi-tech” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Шара барысында 29 қылмыс ашылды.

Оның ішінде, бір қылмыс “Ұрлық” бабы, екіншісі “Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу” бабы және алты қылмыс “Алаяқтық” бабы бойынша.

Анықталған деректер негізінде сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша процестік шешімдер қабылданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру