Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында есірткі сатушы 10 жылға сотталды

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өңіраралық есірткі сатушыны 10 жылға бас бостандығынан айырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында анықталғанындай, өткен жылдың соңында жас жігіт досының туған күніне Теміртаудан Ақтауға ұшып келген, бірақ бірнеше күннен кейін психотроптық заттарды тарату арқылы қосымша ақша табуға шешім қабылдаған. “Жасырып кету” орындарының координаттарын өзінің әкімшісінен чат арқылы алып отырған.

Содан кейін жасырып кетуші Астанаға билет сатып алған, алайда кетер алдында курьерден сәлемдеме – жылытқышы бар қорапты алуды өтінген куратордан тағы бір нұсқау алған. Курьерден сәлемдемені алғаннан кейін ол уақытша тұрып жатқан ауданға қарай қонақүйге бара жатқан жолында полиция қызметкерлері оны ұстады.

Бұл облыстың ЕҚҚІБ және ҰҚҚКБ қызметкерлерінің есірткі сатушыны ұстау бойынша бірлескен операциясы еді. Ұстау барысында жеке тексеру кезінде жылытқышы бар қораптан шамамен 1 келі мефедрон тәркіленді. Олар тұрған қонақүй бөлмесін тінту кезінде салмағы шамамен 50 грамм болатын синтетикалық есірткі салынған 42 пакет табылды.

Сотталушының өзі мойындағандай, бұл заттар “жасырып кету” арқылы қалада таратуға арналған еді. Істің барлық мән-жайын, даусыз дәлелдемелерді зерделеп, сондай-ақ өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды заңсыз сақтау ниетінің дәлелденгенін ескере отырып, сот оны 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Енді оңай және тез арада ақша табу мақсатында “жасырып кету” арқылы есірткі таратуды шешкен жас жігіт өмірінің біраз жылын қылмыстық-атқару жүйесінің барынша қауіпсіз мекемесінде өткізеді.

ІІМ оңай ақшаға ұмтылу жолында  есірткі саудагерлерінің айла-амалдарына алданбай, заңсыз жұмыс туралы ұсыныстарды қабылдамауды  ескертеді.

Парасаттылық танытыңыз, өйткені әдетте есірткі саудагерлері, әкімшілер емес, “жасырып кетумен” айналысатын курьерлер – жастар полицияға түсіп жатады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру