Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында көші-қон заңнамасын бұзған 2 мыңға жуық шетелдік анықталды

Маңғыстау облысында көші-қон заңнамасын бұзған екі мыңға жуық шетелдік анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көші-қон полициясы жұмысындағы басты басымдылықтардың бірі – мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсету және шетелдіктер арасындағы заңнаманың сақталуын қадағалау. Жыл басынан бері бұл сала қызметкерлерімен 37 мыңнан астам қызмет көрсетілген.

Жалпы, Маңғыстау облысында 8 860 шетелдік азамат тұрады. Тәртіп сақшылары екі мыңға жуық шетелдікті ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Тұрғылықты жері бойынша ішкі көші-қонды бақылауды қамтамасыз ету барысында 21 913-ке жуық азамат тіркелді, жеке куәліктер мен паспорттарды рәсімдеуге 39 754 өтінім қаралды. Айта кетейік, қазіргі таңда бұл мемлекеттік қызметтің ең сұранысқа ие түрі.

Осы уақыт аралығында Қазақстан Республикасының азаматтығына 1270 адам қабылданды, ал алдыңғы жылы 1054 адам ҚР азаматтығын алған болатын. Осы жылдың 5 айында сот органдарының шешімімен 138 шетелдік Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары шығарылды.

Жыл басынан облыс бойынша, яғни көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне сәйкес, ҚР ҚК-нің 392-бабы (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша екі шетелдік адам анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру