Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Хромтауда көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды

Хромтауда көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде 8 маусымда Хромтау қаласындағы Әйтеке би көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері BMW автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында 43 жастағы жүргізушінің көлік құралын мас күйінде жүргізгені және бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері мас күйінде көлік құралдарын басқару құқығынан айырыла тұра, автокөлік басқарған 45 жүргізуші анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру