Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында полицейлер кәсіби мерекесі қарсаңында велошеру өткізді

Маңғыстау облысында полицейлер кәсіби мерекесі қарсаңында велошеру өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясына 30 жыл толуына орай Маңғыстау облысы полиция департаментінің басқарма, дербес бөлім қызметкерлері арасында велошеру ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын ұстану, сондай-ақ, рухани мәдениетті қалыптастыру.

Велошеру Таушық – “Адай ата – Отпан тау” тарихи-мәдени кешені аралығын қамтыды. Қазақстан полициясының отыз жылдығына арналған іс-шараға барлығы 45 қызметкер қатысты. Шеруді департамент бастығының орынбасары Қ. Бахтыгереев ашып, сәттілік тілей отырып, қатысушылармен қатар қырық шақырымға созылған жолды велосипедпен жүріп өтті.

Игі дәстүрге айналған мұндай шара 2016 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл шеруге тәртіп сақшылары алдын ала дәрігерлік тексерістен өтіп, ерекше дайындық танытты. “Дені саудың жаны сау” деген қағиданы берік ұстанған полицейлер бекітілген белгісінен “Адай ата – Отпан тау” кешеніне бағыт алды.

Шара соңында полиция қызметкерлері “Адай ата” тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасап, киелі өлкені мекендеген қаһарман халықтың кешегі күнімен, ұлттық құндылықтары және тарихи жәдігерлерімен етене танысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру