Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында қайғылы жол апаты болды

Маңғыстау облысында қайғылы жол апаты орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қыркүйек сағат 20:00 шамасында 102 кезекші пультіне “Шетпе – Жетібай” тас жолының 112/117 шақырымындағы жол-көлік оқиғасы туралы шақырту түсті.

ВАЗ 2115 автокөлігінің жүргізушісі Шетпе ауылына қарай бет алып келе жатқанда қарсы қозғалыс жолағына шығып, MAN жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ 2115 автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру