Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында сора егістігі анықталды

“Қарасора – 2022” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің және Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері, ҚР Ұлттық ұланының “Бүркіт” арнайы жасағы және Түркістан облысы ПД жедел уәкілдері бірлесіп, Отырар ауданындағы Сырдария өзені жағалауының маңынан есірткі егістігін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызметкерлер әуе жолы арқылы ұшып өту барысында есірткі, оның ішінде сораға ұқсас 760 түп орылып қойған өсімдікті тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес бұл жалпы салмағы бір тоннадан асатын “сора” есірткі өсімдігі болып шықты. 

Сондай-ақ жедел уәкілдер сол жерден өсіп тұрған есірткіге ұқсас 123 түпті тапты. Айғақты зат ретінде алынған түптер “сора” есірткісі екені расталды.           

Аталған жайт Отырар АПБ-да ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігі “Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру” бойынша тіркелді.

Полиция қызметкерлері есірткі қылмысына қатысты жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ретінде Шымкент қаласының үш тұрғынын анықтады. Олардың біреуі қамауға алынса, екеуіне “келу туралы міндеттеме” таңдалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру