Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында қара уылдырықты заңсыз сақтау дерегі анықталды

Маңғыстау облысында қара уылдырықты заңсыз сақтау дерегі анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

“Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қара уылдырықты заңсыз сақтады деген күдікпен 38 жастағы ер адамды ұстады.

Жедел іс-шаралар барысында Мұнайлы ауданы аумағында жалпы салмағы 5 келіден асатын қара уылдырық салынған ыдыстар тәркіленді.

Аталған дерек бойынша сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерімен, сондай-ақ олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру