Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында үздік полиция қызметкерлері марапатталды

Маңғыстау облысы полиция департаментінде Отан қорғаушылар және Жеңіс күні мерекелеріне орай салтанатты іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысы ПД бастығы Аян Дүйсембаев ішкі істер органының ардагерлері және полиция департаментінің жеке құрамымен қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан ішкі істер органы қызметкерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ерлікпен қаза тапқандардың құрметіне бір минут үнсіздік жарияланды.


Өңірдің бас полицейі Аян Дуйсембаев алғысөз сөйлеп, жеке құрамды қос мерекемен құттықтап, Қазақстан Республикасының ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметкерлерге марапаттар табыстады. 

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың құзырымен маңғыстаулық 11 полицей кезекті және арнайы мерзімінен бұрын шендерін алып, 2 қызметкер медальмен, 8 қызметкер төсбелгімен, 10 қызметкер грамота және алғыс хаттарға ие болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру