Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысының бас полицейі 2020 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысын қорытындылады

Маңғыстау облысы Полиция департаментінде биылғы жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еліміздегі қазіргі карантин жағдайына байланысты кеңес бейнеселекторлық режимде жүзеге асты. Кеңеске басқармалар мен дербес бөлімдердің бастықтары, сондай-ақ аумақтық полиция басқарма, бөлімдері қатысты.

Департамент басшысы Жанарбек Бақтыбаев 2020 жылдың 2-тоқсанында атқарылған жедел-қызмет жұмыстарының қорытындысы мен Полиция департаменті бөліністеріндегі тәртіп пен заңдылықтың сақталуы бойынша атқарылған жұмыстардың жай-күйі туралы айтып өтті.

Ж.Бақтыбаевтың айтуынша, жалпы бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша оң үрдістер сақталып, қылмыстың тіркелуі 20%-ға төмендеді.

Төтенше жағдай кезінде көшелерде тұрғындардың аз болуына байланысты, көшедегі қылмыс 43 % – ға төмендеді.

Сонымен қатар, көптеген қылмыстар мен құқық бұзушылықтар саны азайды. Бұл – денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ұрлық, қарақшылық, тонау, бұзақылық, алаяқтық қылмыстары.

Қоғамдық орындарда және көшелерде, кәмелетке толмағандармен, сондай-ақ тұрмыс саласында және топта жасалған құқық бұзушылықтар саны азайды. Полиция басшысы мал ұрлығы мен браконьер қылмысына тоқтала кетті.

– Бұл мәселені еліміздің Президенті өткен жылы Алқа отырысында көтерді. Мал ұрлығы үшін жауапкершілікті күшейтуге және, әрине, қылмысты ашу және қылмыстың осы түрін болдырмау бойынша белсенді жұмысқа ерекше назар аударылды, – деді ол баяндамасында.

Осыған орай Ж.Бақтыбаев облыс аумағында қылмыстың осы түрлерінің алдын алу бағыты бойынша тиісті тапсырмалар беріп, өзі жеке қадағалауда ұстайтынын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру