Маңғыстауда полицейлер шетелдік саяхатшыға көмектесті
Маңғыстауда полицейлер шетелдік саяхатшыға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бейнеу – Сайөтес автожолының 421-шақырымында Маңғыстау облысы полиция департаменті патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жолда қиын жағдайға тап болған Ресей Федерациясының азаматына көмек көрсетті.
Турист мотоциклімен сапарлап келе жатқан азаматтың жанар-жағармайы таусылып, Бейнеу ауылына жетпей жолда қалған.
Патрульдік полиция ротасының экипажы – Абай Атчыбаев пен Ғалымжан Турғанбаев жедел әрекет етіп, азаматқа қажетті көмек көрсетті. Полицейлер мотоциклге жанар-жағармай құйып беріп, туристің сапарын қауіпсіз жалғастыруына жағдай жасады.
Жол үстінде көрсетілген жедел көмекке ризашылығын білдірген шетелдік турист полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, сапарын әрі қарай жалғастырды.
