Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда сотталған колонияға трамадол алып кірмек болды

Маңғыстауда сотталған колонияға трамадол алып кірмек болды, – деп хабарлайды Polisia.kz

10 тамызда сағат 18.10-да Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ГМ-172/8 мекемесінде жедел ақпарат бойынша жедел топ қызметкерлері ҚАЖД ӨҚб қызметкерлерімен бірлесіп тексеру бөлмесінде жеке тексеру кезінде сотталғаннан ақ түсті таблеткалар тауып алды. Жазасын өтеуші затты іш киіміне жасырған. Психотропты зат трамадол екені белгілі болды. Жедел уәкілдер сотталушыдан трамадолдың 26 таблеткасын тәркіледі.

Аталған факт Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД ГМ-172/8 мекемесінің АЕК-на тіркелген.

Мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталған Ақтау қаласындағы кәсіпорындардың бірінде жұмыс істейді. Айта кету керек, жұмыс істейтіндер колония аумағынан жұмыс орындарына таңертең кетіп, кешке оралады.

Мекемеге келмес бұрын тұтқын қала дәріханаларының бірінен трамадол сатып алып, оны ішке кіргізбекші болған. Алайда жедел уәкілдердің қырағылығының арқасында сотталғанның бұл ойы іске аспады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру