Ақтөбе облысында қауіпсіздік белдігін тақпаудың 5 мыңнан астам дерегі анықталды
Ақтөбе облысында жыл басынан бері қауіпсіздік белдігін тақпаудың 5 мыңнан астам дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Жүргізушілер жолдағы апаттылық жағдайлар мен жарақаттануды төмендетуге бағытталған қарапайым ережелерге назар аудармайды. Талдау көрсеткендей, жүргізушілер қауіпсіздік белдігін пайдалану талаптарын жиі бұзады. Жеті айда осындай 5474 дерек тіркелді.
Сондай-ақ, жол қозғалысы ережелерінің талаптары ондаған жылдар бойы адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталғанын түсіну маңызды. Көлік жүргізу кезінде телефонды пайдалануға тыйым салу да маңызды. Жүргізушіні көлік басқару кезінде алаңдамағаны дұрыс. Бұл әсіресе жазда, велосипедшілер мен мотокөліктердің белсенді жүргізушілері шыққан уақытта көптеп кездеседі.
Кез-келген секундта телефон жазатайым оқиғаға әкеліп соқтыруы мүмкін. Мұндай құқық бұзушылықтың жеті айда 1484 дерегі анықталды. Кең таралған бұзушылықтардың тағы бір қауіптісі – қарсы жолаққа шығу. Жеті айда 1304, және бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтудің 1913 жағдайы анықталған.
Осыған байланысты Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол қозғалысының барлық қатысушыларын ҚР ЖҚЕ сақтауға, жол қозғалысына жауапты болуға шақырады.