Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда жыл басынан бері 2,5 мыңнан астам қоғамдық орындарды ластау дерегі тіркелді

Маңғыстауда жыл басынан бері 2,5 мыңнан астам қоғамдық орындарды ластау дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында алдыңғы шепте тұрған учаскелік полиция инспекторларының еңбегі зор.

Маңғыстау облысында жыл басынан бері 2680 қоғамдық орындарды ластау дерегі тіркеліп, құқық бұзушылар ӘҚБтК-нің 434-2 бабымен жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар 1301 ұсақ бұзақылық және 4364 тыныштықты бұзу дерегі анықталып, құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаларға әкімшілік хаттамалар жасақталды.

Учаскелік полицейлер ҚР ӘҚБтК-тің 440-бабын бұзған 4014 азаматқа қатысты тиісті шара қолданды. Белгіленбеген орындарда сауда жасаумен айналысудың 238 дерегі тіркелді. Нәтижесінде заң бұзушыларға ӘҚБтК-нің 204-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру