Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде оқушы тауып алған телефон арқылы өзгенің ақшасын жұмсаған

Ақтөбеде оқушы тауып алған телефон арқылы өзгенің ақшасын жұмсаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға 59 жастағы әйел арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, ол телефонын жоғалтқаннан кейін, оның банктік қосымшасынан ақша алынған. 

Полиция қызметкерлері жедел іс-шаралар кешенін өткізу барысында 15 жастағы оқушыны анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Алдын ала тергеу барысында белгілі болғандай, 9-сынып оқушысы көшеден телефон тауып алып, телефонға орнатылған банктік қосымшаның құпия санын қалпына келтіру арқылы бір кеште шоттан 100 мың теңгеден астам ақша жұмсаған.

Ақша ұрлау дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру