Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-дағы екі бірдей құрылыс алаңынан гастарбайтерлер анықталды

СҚО-дағы екі бірдей құрылыс алаңынан гастарбайтерлер анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлерімен “Заңсыз келуші” жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Полиция қызметкерлері іс-шара аясында базарларды, құрылыстар мен аудандардағы шаруашылықтарды тексеріске алды. Шараның басты мақсаты – шекара маңындағы өңірдегі заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл жасау.

Петропавлдағы көппәтерлі үйлердің бірінің құрылысын тексеру барысында еңбек қызметін тиісті рұқсатсыз жүзеге асырған 6 Өзбекстан азаматы анықталды. Осыған ұқсас құқық бұзушылық Аққайың ауданында да анықталды, мұнда Өзбекстанның 2 азаматы әкімшілік ғимараттың құрылысында жұмыс істеген екен. Екі факті бойынша материалдар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабы бойынша сотқа жіберілді. Енді мердігерлер шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін жауапкершілікке тартылатын болады.

– Жалпы, облыста 2-8 қазан аралығында шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны және шетелдіктің еңбек қызметін заңсыз жүзеге асырғаны үшін барлығы 21 әкімшілік материал жиналды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін 181 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ облыстың 95 тұрғыны үш күн мерзімде шетелдіктердің болуы туралы хабарлау талабын елемеген. Қазақстан Республикасының азаматтары мен қонақтарынан көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауды сұраймыз, – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының қызметі бастығы Талғат Әбілов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру