Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстаудың бас полицейі үздік қызметкерлерді марапаттады

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы Жанарбек Бақтыбаев қызмет бабында ерекшеленген бірқатар қызметкерлерді марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен жылдың 12 айының қорытындысы бойынша қызметте жеткен жетістіктері, ұйымдастырушылық шеберліктері мен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін 17 қызметкер грамотамен және 18 қызметкер алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай-ақ, маңғыстаулық полицейлерге қолсағат түріндегі бағалы сыйлықтар табысталды.

Бұдан басқа Департамент бастығы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен пандемияға қарсы күрестегі жемісті жұмысы үшін “Халық алғысы” медалімен марапатталған өңірдің тәртіп сақшыларына аталған медальді табыс етті.

Сондай-ақ, “ДИНАМО” дене шынықтыру және спорт қоғамының 95 жылдығына орай аталған қоғамның төрағасы Игорь Садыкин ҚР ІІМ министрі Е.Тұрғымбаевтың атынан медальмен марапатталды.

Полицейлердің қызметі – ең маңызды, жауапты және қауіпті мамандықтардың бірі. Бұл салада қызмет атқару төзімділікті және кәсіби шеберлікті талап етеді. Қызметкерлерге денсаулық және жұмыста табыс тілеймін, – деді ведомство басшысы Жанарбек Бақтыбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру