Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтаарал ауданында акция аясында тұрғын өз еркімен қаруын тапсырды

Мақтаарал ауданында “Тіркелмеген атыс қаруын сатып алу” акциясы барысында тұрғын өз еркімен қаруын тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД-нің нұсқауына сәйкес 2021 жылдың 20 сәуірінен бастап республика аумағында және Мақтаарал АПБ-нің “Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардан ерікті түрде өтемді тапсыру ережесіне” сәйкес, халықтан заңсыз сақталудағы қару-жарақ заттарын сатып алу бойынша акция өткізілуде. Осы шара барысында Мақтаарал АПБ-нің қызметкерлерімен комиссиялық құрам бекітілді. Осыған байланысты Мақтаарал ауданы аумағында халық арасында үгіт-насихат жұмыстары өткізілді. Тұрғындардың барлығы хабардар болуы үшін түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Осы өткізілген акция барысында Мақтаарал ауданы Атамұра ауылының тұрғыны өз еркімен ішкі істер органдарында тіркелмеген атасынан қалған ИЖ 16 калибрлі, бір ұнғылы аңшылық атыс қаруын өтемақы алу үшін өз еркімен тапсырды. Қазіргі уақытта мылтықтар сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді, нәтижесінде азаматтарға ақшалай қаражат төлеу туралы шешім қабылданады.

Ескерте кететін жайт, қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін, мемлекет қарудың әрқайсысы үшін тиісті төлемін жасайды. Ал, сыйақы төлеу қару-жарақ заттарын тапсырған азаматтар ұсынған шоттарға аудару жолымен жүзеге асырылады. Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Сондықтан, тұрғындар заңсыз сақтап жүрген ата, әкеңізден қалған, тауып алған тіркелмеген қаруларыңыз болса, тиісті органға тапсырыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру