Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралда мас жүргізуші жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылды

Мақтааралда мас жүргізуші жеті жылға көлік басқару құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кешкі сағат 19:25 шамасында жүргізушіні көлік басқару кезінде күдікті деп танып, тоқтатты. Полицейлер құжаттарын тексеру кезінде жүргізушінің масаң күйде екендігін аңғарады. Бұл жайттың анық-қанығына жету үшін оған медициналық сараптама тағайындап, нәтижесі бойынша жүргізушінің алкагольдік ішімдік қолданғаны белгілі болды.

Тәртіп сақшылары аталған жайтқа қатысты ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша іс құжаттар жинақтап, заңды шешім шығару үшін аудандық сотқа жолдады.

Аудандық соттың қаулысымен жүргізуші ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша кінәлі деп танылып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру