Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралға авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы күш жұмылдырылды

Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданында тұрғындарға 300-ден астам тәртіп сақшылары көмек көрсетіп, қауіпсіз аймаққа шығаруға атсалысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Орын алған апат тұрғындарға үлкен соққы болып тиді.

Тұрғындарға 300-ден астам тәртіп сақшылары көмек көрсетіп, қауіпсіз аймаққа шығаруға атсалысты. Одан бөлек арнайы құрылған сегіз блок-бекеттерде қоғамдық тәртіпті қадағалап, күшейтілген режимде қызмет атқарып келеді. Жергілікті тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Полицейлермен қатар, Ұлттық ұланның әскерилері, ТЖД қызметкерлері өз міндеттерін атқарып келеді.

Құтқару-авариялық жұмыстарына
Түркістан, Жамбыл, Қызылорда және Шымкент қалаларынан қосымша күш тартылды.
Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 986 адам, 10 дана жүзу құрылғысы, 180 дана техника жұмылдырылған.

Айта кетер жайт, Мақтаарал ауданында өзгенің мүлкін ұрлау, тонау секілді қылмыстар тіркелмеген.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру