Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас ақмолалық бөтеннің көлігімен ЖКО-ға түсті

Мас ақмолалық бөтеннің көлігімен ЖКО-ға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 қазанда Бастау ауылында болған жол-көлік оқиғасының мән-жайын зерделеу барысында полицейлерге автокөліктің ұрланғаны белгілі болды. Сағат 20:00 шамасында ВАЗ-2106 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, велосипедпен соқтығысқан. Зардап шеккендер жоқ. Жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында учаскелік инспектор Нұрболат Қадірбек жүргізушінің жеке басын анықтады. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ол “жеңіл дәрежелі” мас күйінде болған.

38 жастағы ақмолалыққа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 611-бабы 2-бөлігі (Жүргізушінің жол-көлік оқиғасы болған жердің жол қозғалысы ережелерін бұза қалдыруы) және ҚР ӘҚБтК 608-бабы 3- бөлігі (Көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің басқаруы) бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.

Ақмолалықтың айтуынша, автокөлік оның досы – 34 жастағы ауыл тұрғынына тиесілі, олар бірге Бастау ауылына жұмыс істеу үшін келген. Досы көліктің кілтін қайда сақтайтынын білген ол көлікке отырып, ауылдың шетінде тұратын досына барып, апатқа ұшыраған. Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК 200-бабы 1-бөлігі (Автокөлікті заңсыз иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру