Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас күйінде отбасында жанжал шығарғаны үшін 10 күнге қамалды

Павлодар облыыс Ертіс өңірінде 328 тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі анықталды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Отбасылық және тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында облыста 20 қаңтар мен 20 ақпан
аралығында «Тұрмыс» алдын алу шарасы өткізілуде.
Іс-шараның алғашқы күнінен бастап полиция қызметкерлері 860 құқық
бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.Олар үшін 353 қорғау бұйрығы
шығарылды, 328 тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері анықталды, 353
отбасы бұзақысы тіркелді.  30 күн ішінде бірнеше рет қорғаныс тәртібін бұзған 68 кінәлі төбелесқор да жазаланады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 73-бабы 2-бөлімі (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша әкімшілік қамауға 10 күндік мерзімге 45 жастағы павлодарлық тұрғын әкелінді, ол таңертең туысқандарының отбасында мас күйінде жанжал шығарып, балағаттап, ағасымен төбелесуге дейін барған. Тұтқындаудан басқа сот 3 ай мерзімге мінез-құлқына ерекше талап қойды. Осы уақыт аралығында
бұл адамға ағасымен араласуға тыйым салынды.Жәбірленушімен байланысы
шектелді.Кез-келген қаруды сақтауға және алып жүруге, алкоголь ішуге де
тыйым салынды. Егер бұл шарт бұзылған болса, онда ер адамға қатысты
тағы да Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабына (Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) сәйкес сот болады – ол 5 АЕК айыппұл салуға және 5 тәулікке қамауға әкеп соқтыратын сот шешімін орындамау. 

300-ден астам нашар отбасы және 3000-ға жуық ішкі істер органдарында есепте тұрған адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Есепке алынған барлық құқық бұзушылармен тұрмыстық құқық бұзушылықтардың және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын-алу бойынша профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді.
Патрульдеу кезінде полицейлер алкоголь ішкен 407 адамды анықтады. Алкогольді ішімдік ішкені немесе мас күйінде қоғамдық орындарға шыққаны үшін әкімшілік іс қозғалды.Баласын тәрбиелеу міндеттерін орындамайтын 45 ата-ана жауапқа тартылды,оның 146 -сы-ата-ана қамқорлығынсыз түнде үйлерінен тыс жүрген кәмелетке толмағандар үшін.
Бүгінде құқық қорғау органдарында тіркеуде тұрған 10 мыңға жуық адам бар, олар тәртіп сақшыларының тікелей бақылауында.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру