Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жалған ақпарат таратқаны үшін 1 жылға бас бостандығынан айырылды

Көлік полициясы: терроризм актісі туралы жалған хабар тарату- қылмыстық жауапкершілікті көздейді ,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Соңғы уақытта қоғам адам көп жиналатын жерлерде (әуежай, темір жол вокзалдары) салынған жарылғыш құрылғылар туралы жалған ақпараттармен жиі кездеседі.Жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен кезде полиция қызметкерлері мен шұғыл қызмет мамандары дереу қауіпсіздік шараларын қабылдайды. Жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін жүргізеді.

“Полицейлердің мақсатты профилактикалық жұмысының арқасында жарылғыш құрылғылар туралы жалған хабарлау фактілері азайды. 2018 жылы 7 факт тіркелді, ал 2019 жылы 4 факт тіркелді”, – деп мәлімдеді көліктегі полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Әлімов. “Алайда, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, ішкі істер органдарына әлі күнге дейін мемлекеттік құрылымдардың айтарлықтай күші мен құралдарын алаңдатып, терроризм актісі туралы жалған хабарламалар келіп түсуде. Сонымен қатар, “жалған террористтер” мұндай қоңыраулардың қаншалықты маңызды екенін түсінбейді”.

Телефон терроризмінің себептері қасақана бұзақылықтан жауапсыздыққа және жеңіл мағыналы пікірлерге дейін  әртүрлі. Мысалы, әуежайлардағы тексеру іс-шаралары барысында жолаушылар тексеру қызметі инспекторының “қол жүгінде не бар?” сынды сұрақтарына -“бомба”, “граната” деп әзіл түрінде жауап береді.

Осындай бір “әзіл” айтарлықтай күш пен құралдардың жұмсалуына алып келеді.Адамдарды жаппай эвакуациялау жүргізіледі.Рейстер тоқтатылады немесе кідіртіледі, бір сөзбен айтқанда әуе және темір жол вокзалдарының жұмысы бұғатталады. Қылмыстар ,көп жағдайда,алкогольдік мас күйде жасалады. Осы құқық бұзушылықты жасаған азаматтар теріс қылықтар үшін елеулі қылмыстық жауапкершілік туралы сезбейді.Дегенмен, жасаған қылмысына сотта қатты өкінеді.

2019 жылдың желтоқсан айында Маңғыстау облысының Ақтау қалалық соты дайындалып жатқан терроризм актісі туралы жалған хабарлама бергені үшін 26 жастағы азаматты 1 жылға бас бостандығынан айырып, сот залында қамауға алды.Жалған ақпарат тарату кезіндегі шығындарды төлеу мақсатында айыппұл салынды. Ұсталған кезде, аталған қылмысты жасаған ер адам мас күйінде болғаны анықталды.

Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау”) бойынша бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Оқиға болған жерге жедел ден қою қызметтерін жалған шақырғаны үшін шығындарды толық көлемде төлейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру