Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы: су тасқыны кезінде көмек көрсетеді

Қызылордалық құтқарушылар су тасу қаупі бар Солтүстік өңірлерге көмекке әзірліктерін көрсетті,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі таңда Сырдария өзенінде су деңгейі төмен. Қауіп төніп тұрған жоқ.Солтүстік өңірлерде болуы мүмкін су тасқынымен күресуге Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті көмек қолын созуға әзір. Бүгінде өрт сөндірушілер мен құтқарушылар техникалардың, қондырғылар мен құрылғылардың дайындығын пысықтау мақсатында саптық қарау өткізілді.
Жұмылдырылатын 61 қызметкер, 6 бірлік техника, 5 қайық, 12
мотопомпа және топтың автономды түрде жұмыс жүргізу үшін азық-түлік
және жанар-жағармай қоры дайын.
Саптық қарау барысында, Қызылорда облысы Төтенше жағдай департаменті бастығы азаматтық қорғау полковнигі О. Бержанов «Хабар 24» телеарнасына сұхбат беріп, су тасқыны қаупі бар аймақтарға көмекке әзірліктерін білдірді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру