Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Төтенше жағдай кезінде оқушылар да көмек көрсете алады

Атырау қаласының құтқарушылары оқушыларға қауіпсіздік сабағын
өткізді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау қаласының құтқарушылары №31 мектеп-гимназиясының 9-11 сынып оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді. Сабақты Атырау облысы Төтенше жағдай департаменті және АҚЖҚ ММ №3 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Жакупов Азамат және жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Қайрат Қанатбаев жүргізді.
Сабақтың мақсаты-төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға үйрету және оқушыларға күзгі-қысқы кезеңде мұздағы жүріс-тұрыс ережелері туралы ақпаратты жеткізу,кіші балаларға мұз қату кезеңінде өзендер мен көлдердегі ережелерді түсіндіре отырып, жоғары сынып оқушыларының қандай үлкен көмек көрсете алатыны туралы тақырып қозғалды. Алдын алу мәселелеріне
үлкен мән берілді, төтенше жағдайдың алдын алуға қарағанда, оның
салдарларымен күресу оңай.
Өрттің шығу себептерінің бірі-балалардың отпен ойнауы, соның ішінде мектеп
жасына дейінгі балалардың қатысуымен болған төтенше жағдай.
Балаларды өрт қауіпсіздігі ережелерін толық білмеу себебінен де оқиға орын алады. Оқыту дегеніміз – білімді кеңейту, өрттің негізгі себептерімен танысу, төтенше жағдайлар кезінде қарапайым дағдыларды қалыптастыру. Ережелерді сақтау балалар үшін санитарлық – гигиеналық ережелерді сақтау сияқты міндетті болуы тиіс.
Сабақ барысында Көкшетау техникалық институты, оған оқуға түсу ережелері және оқу шарттары туралы айтылды. Оқушылар тақырыпқа қызығушылық танытып, сөз сөйлеушілерді мұқият тыңдап, белсенді түрде сұрақтар қойды
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру