Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас жүргізуші 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Түркістан облысында мас жүргізуші өмір бойы көлік жүргізу құқығынан және үш жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара АПБ-не Шардара қаласы Төменгі тоғай елді-мекені жанында жол-көлік оқиғасы орын алғаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен жедел-тергеу тобының анықтауынша, елді-мекен бағытына қарай келе жатқан “ВАЗ” маркалы көлік, өз жолымен жүріп бара жатқан “DAEWOO NEXIA” маркалы көлігінің артқы бөлігінен соққан. Осы соққы салдарынан “DAEWOO NEXIA” көлігі көше бойындағы темір қорғанға соқтығысып, қоршау бұзылған. Оған қоса тәртіп сақшылары “ВАЗ” көлігіне көрінеу жалған тіркеу нөмірін тағылғанын, жүргізушісі медициналық қорытындыға сәйкес “орта дәрежедегі” мас халде көлік басқарғанын анықтады.

Шардара аудандық полицейлері аталмыш жол қауіпсіздік ережесін бұзушысы жүргізушіге қатысты тыңғылықты тексеру жұмыстарын жүргізді. Және оның бұдан алдын, яғни 2018 жылы тамыз айында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен айыпты деп танылып, бес жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғанын және 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылғанын анықтады.

Осылайша, өзінің көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, қайта ішімдік ішіп көлік басқарып, жол-апатын жасаған жүргізушінің іс-әрекеті ҚР ҚК-нің 346-бабының 2-бөлігімен (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша тіркеліп, тергеу ісі басталды.

Қорытындысында соттың үкімімен кінәлі жүргізуші көлік басқару құқығынан өмір бойына айырылып, үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, қамауға алынды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға жол қауіпсіздік ережесін сақтап, жолда абай болуды ескертеді. Жыл басында жаңадан белгіленген заңнамаға сәйкес ішімдік ішіп, көлік басқарғандарға жаза одан сайын күшейтілгенін тағы атап өтеді. Сондықтан өзіңіз үшін, өзге де жолаушылар үшін барынша сақ болыңыздар, құрметті көлік жүргізушілер!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру