Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жас полицейлердің көмегімен әмиян ұрлаған күдікті ұсталды

Түркістан облысында жас полицейлердің көмегімен әмиян ұрлаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай АПБ-не жергілікті тұрғын арызданады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның киім дүкенінің сөресіне қоя салған әмиянын белгісіз біреу жымқырып кеткен. Әмиянның ішінде 30 мың теңге ақша мен құжаттар болған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.

Оқиға орнында Жетісай АПБ КПБ-нің аға жедел уәкілі Ерлан Жылқыбаев, жас маман ҚР ІІМ Алматы академиясының 4-курс курсанты Беркінбай Бағлан және “Жұмыспен қамту” бағдарламасы арқылы қоғамдық көмекші ретінде жұмыс атқаратын Нұркен Алжанұлымен бірлесіп жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Осылайша тәртіп сақшылары тез арада әрекет етіп, қылмысты ашуға бағытталған барлық қажетті шараларды іске асырды.

Куәгерлерден жауап алып сұрастырды, бейнебақылау камераларын мұқият тексерді. Нәтижесінде полицейлер, дүкен ішінде өзге сатып алушы әмиянды ешкімге білдіртпестен жасырын алып, шығып кеткенін анықтады. Осылайша ұрының жеке-басы айқындалып, ол жергілікті мекен-жайынан ұсталды. Айғақты зат ретінде ұрланған әмиян тәркілеп алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Тергеу барысында анықталғандай, ұрлық жасаған әйел жергілікті тұрғын болып шықты. Оңай жолмен ақша тапқысы келген ол, сөреде қараусыз жатқан әмиянды ұрлағанын мойындады. Бас шарасы қолхатпен босатылды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қылмыстық қолсұғушылықтан қорғанып, өз мүлкіне ұқыпты болуын ескертеді. Әсіресе, сауда орындарына барғанда бағалы заттарыңызға, әмиян мен ақшаларыңызға сақ болыңыздар. Егер де сіз ұрлық немесе тонаудың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, онда тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыздар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру