Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мас жүргізушілер саны азаяр емес

Түркістан облысының полицейлері 10-нан астам мас жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру және жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында Түркістан облысының полицейлері жол-көлік оқиғаларының өсуіне әсер ететін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзушылықтарды анықтауға және жолын кесуге бағытталған рейдтік және профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұрады. Мұндай шаралар барысында мас күйінде көлік жүргізумен, жылдамдықты арттырумен, басып озу, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, ұялы телефон арқылы сөйлесу және басқа да құқық бұзушылықтарға ерекше назар аударылады.

Мысалы, Жетісай ауданында Жетісай АПБ патрульдік полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар кезінде 10-нан астам мас жүргізушіні анықтады. Аудан орталығының көшесін патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары Алматы қаласы тұрғынының басқаруындағы “Мерседес” маркалы автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушінің көлікті мас күйінде басқарғаны анықталды. Медициналық куәландыруға сәйкес ер адам “орташа дәрежеде” мас күйінде болған. Екі тәуліктен кейін патрульдік полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізген Жетісай ауданының тағы бір тұрғынын ұстады.

Ұсталғандарға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы “Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беруі” бойынша әкімшілік хаттамалар жинақталды. Жиналған материалдар аудандық сотқа заңды шешім қабылдау үшін жолданды.

Сонымен қатар, Жетісай АПБ полицейлері “Хундай” және “Дэу” маркалы автокөліктердің екі жүргізушісін екі рет жаппай кесіп өтіп, қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін ұстады. Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны үшін автокөлік иелері ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы “Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу ережелерін бұзу” бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы баптың санкциясына сәйкес, бұзушылар алты ай мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды жол жүру ережелерін мүлтіксіз сақтауға: мас күйінде рульге отырмауға, жылдамдықты асырмауға, маневр жасау ережелерін бұзбауға және қарсы жолаққа шықпауға, сондай-ақ жолдарда қашықтықты сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру