Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мектеп бітіргеніне 20 жыл: Атырауда отшашу ұйымдастырған ер адам жазаланды

Мектеп бітіргеніне 20 жыл толуына отшашу ұйымдастырған ер адам жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 5 маусым күні сағат 22:30 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция қызметкерлерімен қалада орналасқан “Clover” мейрамханасының алдында 37 жастағы қала тұрғыны пиротехникалық бұйымдарды қолданып, отшашу атқаны анықталды.

Ол өзінің отшашуды мектеп бітіргеніне жиырма жыл толуына орай атқанын айтып, өз кінәсін мойындаған.

Аталған ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабының 2-бөлімімен (Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған, елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану) әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 40 838 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Одан басқа полиция қызметкерлерімен 17 маусым күні сағат 22:30 шамасында Студенттер даңғылында орналасқан Болашақ саябағында, яғни қоғамдық орында белгіленбеген жерде пиротехникалық отшашу атқаны үшін 46 жастағы ер адам ұсталды. Ол ер адам да өзінің от шашуды қызының мектеп бітіру кешіне орай атқандығын айтып, өз кінәсін мойындаған.

Аталған ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабының 2-бөлімімен (Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған, елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану) әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

Сонымен қатар қала тұрғындары мен қонақтарының назарына жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдануға болмайтындығын ескертеміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру