Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин режимін бұзған мейрамхана анықталды

Шымкентте карантин режимін бұзған мейрамхана анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкенттік полицейлер 2021 жылдың 17 маусымында сағат 23:08-де Тәуке хан даңғылы №136 үйде орналасқан “Мимино” мейрамханасы карантиндік шектеулерді бұзып, жиын өткізіп жатқанын анықтады. Мейрамханада 14 адамнан асатын туған күн жасап жатқан. Бір үстелде 10 келушінің арақашықтықты сақтамай отырғаны белгілі болды. Сондай-ақ қызметкерлер мен даяршылар мейрамхана ішінде бір реттік бетпердені толық тақпай қызмет көрсеткен.

Аталған жайт бойынша карантин талаптарын ескермей, жұмысын жалғастырған мейрамхана әкімшісінен түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру