Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мемлекет басшысының атынан Ұлттық ұлан жауангерлеріне қолсағат табысталды

Мемлекет басшысының атынан Ұлттық ұлан жауангерлеріне қолсағат табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны зардабын жою және қауіптің бетін қайтару мақсатында ұйымдастырылған жұмыстарға белсене қатысқан Ұлттық ұлан академиясының курсанттары Мемлекет басшысының атынан қолсағаттармен марапатталды.

Петропавл қаласының шағын аудандары мен іргесінде орналасқан елді мекендерді судан қорғау жұмыстарында белсене қызмет атқарған Ұлттық ұлан академиясының 4 оқу батальоны 8 оқу ротасы 1 оқу взводы 3 бөлімшесінің командирі Аян Қали, 1 оқу батальоны 1 оқу ротасы 1 взводы 4 бөлімшесінің курсанты Асқар Жалелов және 1 оқу батальоны 1 оқу ротасы 2 оқу взводы 3 бөлімшесінің курсанты Роман Морковинге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан арнайы сыйлық табысталды.

– Біз наурыз айының соңында басталған табиғи апаттан тұрғындарды және олардың баспаналарын қорғауға атсалысып келе жатырмыз. Тасқын суды тежеу үшін бөгеттер тұрғыздық. Мемлекеттік маңызды нысанды судан аман алып қалдық. Біздің мақсатымыз – су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмектесу. Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы қызметімізді бағалап жатқаны бізді қуантып отыр, – деді сержант Аян Қали.

Айта кетейік, дәл осындай құрметке Петропавл қаласында орналасқан 6637 әскери бөлімінің 7 жауынгері де ие болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру