Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мемлекетке қарызы бар АҚШ-та тұратын адамды СҚО көші-қон қызметінің полицейлері іздеп тапты

17-19 маусым күндері Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері қарызы барларды, алимент төлемейтіндерді және туыстық қарым-қатынасын жолғалтқан адамдарды іздестіру жөнінде акция өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мысалы, Мамлют ауданы полиция бөлімі көші-қон қызметі бөлінісі 1989 жылы туған Жамбыл облысының тумасының жүрген жерін анықтады. СҚО-ға отбасымен бірге келген соң ажырасқан. Оның бұрынғы әйелі 2013 және 2016 жылдары туған балаларымен оңтүстікке көшіп кеткен. Былтырғы жылдың көктемінде соттың қаулысымен оны алимент төлеуге міндеттеген, бірақ оның балаларына мүлдем ақша аударылмаған. Бүгінгі таңда ол бұрынғы отбасына жарты миллионнан астам ақша қарыз. Ол өзінің түсініктемесінде алимент төлеу қажеттілігі туралы хабардар болмағанын көрсеткен. Полицейлер алимент төлемейтіндер көп жағдайда түсініктемені осылай береді дейді.

– Іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері іздеудегі адамның айналасындағыларды, олардың байланыстарын, шығып қалуы мүмкін жерлерді тексереді, басқа да полиция бөліністерімен қарым-қатынас жасайды, – дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбілов. – Кей кездері іздегендер облыс пен Қазақстанды айтпағанда шетелден де шығып жатады. Жуырда біздің қызметкерлер автомашинасы үшін салық төлемеген, 2012 жылы АҚШ-қа кетіп қалған, 35 жасар петропавлдықтың жүрген жерін анықтады. 141 мың теңге қарыз болған. 2018 жылдан бастап оған сот қаулысымен халықаралық іздеу жарияланған. Одан түсініктеме алынып, іздестіру ісі материалдары сот органы мен сот орындаушыларына жіберілді.

Акция басталғаннен бері барлығы СҚО ПД Көші-қон қызметі бөліністерінің өндірісінде 75 іздестіру ісі болған, оның 13-алимент төлемеушілерге, 41-і борышкерлер мен 21-і туыстық байланысын жоғалтқандарға қатысты. Соңғылардың қатарында 1979 жылы туған Жасқайрат Есләмов. Оны туыстары іздестіріп жатыр. Кейде оны Көтерме сауда орталығы мен “Океан” СҮ ауданында көрдік деген мәліметтер бар. Полицейлер ол жайлы қандай да бір мәлімет болған жағдайда мына телефондарға: 8-702-490-63-13, 8-708-512-19-11 (Петропавл қ. ПБ КҚҚБ инспекторы), 50-12-03 (Петропавл қ. ПБ КҚҚБ) 39-48-07 (Петропавл қ. ПБ кезекші бөлімі) немесе “102” арнасына хабарласуды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру