Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мемлекеттік рәміздер – ел бірлігінің белгісі

Елордалық ПД қызметкерлері Мемлекеттік рәміздер күнін салтанатты түрде атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасын салтанатты түрде енгізу рәсімімен басталды. Жиынға ерекше салтанат сыйлаған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалып, қатысушылардың бойында Отанға, оның тарихы мен жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін арттырды.

Шараға полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы, ішкі істер органдарының ардагерлері, сондай-ақ "Жас сақшы" полиция сыныбының оқушылары қатысты. Жас патриоттардың қатысуы ұрпақтар сабақтастығының және жастардың бойында мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастырудың маңызын айқындай түсті.

Салтанатты жиын барысында мемлекеттік рәміздердің Қазақстанның тәуелсіздігінің ажырамас бөлігі екені, олардың елдің тарихын, мәдениетін және одан әрі дамуға деген ұмтылысын бейнелейтіні атап өтілді. Сондай-ақ Ту, Елтаңба және Әнұранға құрметпен қарау әрбір азаматтың азаматтық жауапкершілігі мен отансүйгіштігінің көрінісі екені ерекше айтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру