Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мемлекеттік рәміздер күні: Маңғыстау облысында салтанатты іс-шара өтті

Маңғыстау облысы полиция департаментінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара Әнұранның орындалуымен басталды. Полиция қызметкерлері еліміздің егемендігі мен бірлігінің, ұлттық болмысы мен тәуелсіздігінің айқын белгісі саналатын Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетті.

Жеке құрам алдында сөз сөйлеген Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы Сағындық Аяғанов мемлекеттік рәміздердің жастарға патриоттық тәрбие берудегі және Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастырудағы маңызын атап өтті.

– Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елге, жерге және оның тарихына деген құрметтің көрінісі. Полиция қызметкерлері үшін бұл – антқа адалдықтың, қызметтік міндетке жауапкершілікпен қараудың және халыққа қалтқысыз қызмет етудің белгісі, – деді ол.

Іс-шара барысында қатысушыларға Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның тарихы мен маңызы туралы айтылып, олардың ел бірлігін нығайтудағы ерекше рөлі атап өтілді.

Салтанатты жиын мемлекеттік құндылықтарды дәріптеуге, патриоттық рухты нығайтуға және ел тәуелсіздігінің басты нышандарына деген құрметті арттыруға бағытталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру