Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Mercedes E240” маркалы көлігін белгісіз біреу айдап кетті

Петропавл полицейлері қала тұрғынының айдап әкетілген автокөлігін қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл қаласы полициясына қала тұрғыны белгісіз қылмыскердің шілденің 18-19 аралығында “Mercedes E240” автокөлігін айдап әкеткендігін айтып жүгінген. Машина Қазақстан Конституциясы көшесі бойынан, көлік иесінің танысымен спирттік ішімдік ішіп отырған ауладан жоғалған. Көп ұзамай полицейлер жәбірленушіге көлігінің қала көшесінде тоқтатылғанын және оның тізгінінде отырған адамның құқық белгілейтін құжаттарсыз әрі масаң күйде көлік басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлаған. Оның жәбірленушімен бірге ішімдік ішкен, 45 жастағы танысы екендігі белгілі болды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы “Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Ұрланған көлік алынды, күдікті қазіргі уақытта масаң күйде көлік басқарғаны үшін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазасын өтеуде.

– Бірге ішімдік ішкеннен кейін автокөлікті құқыққа сыйымсыз иеленіп алу фактілері бірлі-екілі емес, – деп хабарлайды Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімінің бастығы Руслан Сыздықов. – Артынан күдіктілер өз қылықтарының себептерін түсіндіре алмай жатады, жай “жүргіміз келді деп” ақталады. Айдап әкетудің алдын алу бойынша маңызды кеңестердің бірі – көліктің кілтін көрінетін жерде қалдырмау, сондай-ақ машинаны жарығы жоқ, таса жерлерге қалдырмау керек.

Сонымен қатар, полицейлер салон ішінде ақша, құжаттар мен бағалы заттарды қалдырмауға кеңес береді, олар қаскөйлердің көздерін тартады. Машинаны сенімді дабыл құрылғысымен жарақтандыру керек. Күндіздің өзінде, адам көп жерде, көліктен бірер минутқа шықсаң да есігінің және жүк салғышының жабық екеніне көз жеткізген жөн. Қаскөйлерді көбіне қауіпсіздік жүйелері орнатылмаған ескі модельдегі көліктер қызықтырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру