Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мешіттегі қайырымдылық жәшігінен ақша ұрлаған ер адам ұсталды

Түркістан облысының полицейлері мешіттерден ұрлық жасаған күдіктіні ізін суытпай ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысы ПД криминалдық полиция қызметкерлері Түлкібас АПБ полицейлерімен бірге мешіттерден ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Ол тергеу барысында анықталғандай Түркістан облысы, Шымкент, Алматы және Тараз қалаларында орналасқан мешіттерден 40-тан астам ұрлыққа қатысты Қызылорда қаласының тұрғыны болып шықты.

Қаскүнем қайырымдылық жәшіктерін ашып, ақша ұрлап, қылмыс орнынан жасырынғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Тергеу аясында келтірілген шығын көлемі мен жігіттің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтайды. Полиция қызметкерлері ұрлық саны артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру